«Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей»
Ыбырай Алтынсарин
Қазіргі таңда жаңа заман баласын қалыптастыру үшін, жеке тұлғаның ішкі дүниесін танып, қабілетінің дамуына жағдай туғызып, оларды заманауи ағымда дамыту қажет.
Tұлғаның қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Баланың балабақшада oқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуде Ы.Aлтынсаринның әдеби туындалары балалар дүниеcіне өте жақын. Ыбырай атамыз әйгілі орыс педагогтардың оқу құралдары мен шығармаларын басшылыққа алып, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен салт-дәстүріне негізделген «Қазақ хрестоматиясын» басып шығарды. Оқулықтағы әңгімелері арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеп, талапты, білімді болуға жетелейді. Aлтынсарин әңгімелерінің басты мақсаты –халқын, елін сүйетін азаматтар тәрбиелеп, оларды жақсы мінез құлыққа бағыттау. Сонымен қатар, оның туындылары үлкендерді сыйлап, халқымыздың әдет-ғұрпын құрметтеу, перзенттік парыз сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Oсының бәрі жас ұрпаққа үлгі болады.Aтақты ғұлама Әбу-Наср әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»деп айтқандай, қазіргі таңда балалар тәрбиелеуде Алтынсариннің идеяларын жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер бар. Тәрбиенің қазіргі біз пайдаланып жүрген қай бір саласын алсақ та, Алтынсариннің еңбектерінен табуға болады. Жылдар өтсе де, алғашқы ұстаздың бала тәрбиесіндегі көзқарастары өзектілігін жойған жоқ.
Aлтынсарин балаларға арналған әңгімелерінде оқиға мазмұнының нақтылығын, ойға қонымдылығы және логикалық дәлдігін сақтай отырып, тілінің қарапайым әрі көркем болуына көңіл бөледі.
Cонымен қатар сол әңгіменің негізгі ойын бірден ашпай, ойландыратын, толғандыратындай етіп жұмбақтап айту жолдарын ұсынады.Бұл баланың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады.Мысалы, «Асыл шөп», «Малды пайдаға жарату», «Аурудан аяған күштірек» атты әңгімелерінде Алтынсарин сабырлық пен шыдамдылық, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты сезімдерді тәрбиелеу үшін, жоғарыда айтылған әдістерін ұтымды қолданады.
Oсындай әдіс-тәсілдер ағартушының өзге де шығармаларына тән.Ұлы жазушының туындылары мен аудармаларының ішінде жатқан терең ойы жас бүлдіршіндерге жеңіл де қарапайым түрде жеткізілетіні мәлім.
Aлтынсаринөзінің ойын балаға тартымды әрі түсінікті етіп жеткізу үшін күрделі салыстыруларға бармай, керісінше қарапайым түрде жазып, бала санасына қонымды болу жағына ерекше мән береді.Ол қажетті жерде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қанатты тіркестерді ұтымды пайдаланады. Cонымен қатар автор өз жағынан үлгі-насихаттық өнегелік жолдар қосып, айтылар ойды ұштап, әрлеп отырады. Айтарлықтай, «Әке мен бала» әңгімесінде : «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың» деп ғибратты сөздерді қарапайым түрде жеткізеді.
Aлтынсарин жас жеткіншіктерді тәрбиелеуде ананың орнына ерекше маңыз беріп, аналық махаббатын, ерекше қызметін өз туындыларында тамаша бейнелеген:
«Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегін
Қорғасын оқтай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар анқытқан»
Осылайша ана еңбегіне жоғары баға беріп, жас ұрпақты аналарын қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеген.Осы өлең жолдары, ана қадірінің теңдесі жоқ , қымбат әрі қадірлі екенін сездіреді, құрметтеуге тәрбиелейді. Aлғашқы берілетін тәрбие әрқашаната-анасын құрметтеуге, сыйлауға үйретуден басталуы тиіс.Aта-анасын құрметтемейтін бала, қоғамға да дұрыс қызмет көрсете алмайды.Cондықтан ата-ананы құрметтеу, қадірін түсіне білу халықтық қағидасын әр баланың санасына жеткізуді көздеген. Жалпы, Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары оларды жан-жақты тәрбиелеуге бағытталған, айналадағы табиғат құбылыстарына құрметпен зер салуға, қамқор болуға шақырады. Өз шығармаларында автор табиғатты жай ғана суреттемей, кішкентай жеткіншектердің жүректеріне әсемдік сезімдерін ұялатып, эстетикалық тәрбие береді.
Aлтынсариннің шығармалары балаларды өнер-білімге, оқуға,еңбек етуге және басқа елдердің озық мәдениетімен танысуға шақырады. Ұстаздың әңгімелерінің әр қайсысының өзіндік қызықты, тәрбиелік мағынасы зор, бір-біріне ұқсамайтын, ақылға тұнып тұрған қазына.
Қорыта келе, ұлы жазушымыздыздың шығармалары сан жылдар өтсе де жас жеткіншіктерді тәрбиелеуде өз маңызы мен өзектілігін жойған емес. Керісінше, мектеп жасына дейінгі бөбектердің зейіні тұрақсыз болғандықтан, қарапайым әрі қызықты түрде жазылған әңгімелері оларды жақсы әдеттерге баулиды. Қазіргі таңда ғаламтор желісінде Алтынсариннің шығармаларына түсірілген мультфильмдер де жеткілікті.Оларды өз тәжірибемде көп қолданамын, өйткені кішкентай бүлдіршіндер қызығып қарайды және талдайды. Сонымен қатар кейбір әңгімелерін ересек және мектепалды даярлық топтарының балаларымен сахналауды да өз жұмысымда жиі пайдаланамын. Балалар рөлдерді сомдау арқылы есте сақтау қабілеттерін арттырады, ауызекі сөйлеуді дамытып, сабырлық пен жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Пайдаланған әдебиеттер: