БАСҚА ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЫМДАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮШІН «ТІЛГЕ БОЙЛАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Мектепке дейінгі балалық шақ жеке тұлғаны қалыптастыруда өте маңызды кезең, осы кезеңде баланың танымдық процестері қарқынды дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән бірқатар психологиялық ерекшеліктер: қарқынды қабылдау мен есте сақтау қабілетінің жоғары болуы тілді табысты меңгеруге ықпал етеді.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) қарастырылған.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда балаларға қазақ тілін үйретуге неғұрлым ерте мән беріп, қазақ тілін үйрету үшін қолайлы тілдік орта құруға, мемлекеттік тілді үйрену бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік берсе, нәтижелер соғұрлым табысты әрі тиімді болады.
Балалардың әлеуметтік қарым-қатынасының алғашқы дағдылары айналасындағы ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Сондықтан балаларға қазақ тілін үйрету мәселесіне мектепке дейінгі ұйымның басшысынан бастап әдіскер, барлық педагогтер мен атааналарды тарта отырып ықпалдастықта ұйымдастыру қажет.
Мектеп жасына дейінгі кезден бастап балаларға қазақ тілін үйрену уақыт талабы болып табылады. Бірақ тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес. Тілді ерте үйрету баланың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың салтдәстүрлеріне деген қызығушылықты, сондай-ақ Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастырады.
Балаларға мемлекеттік тілді үйрету (мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес ересек топта бір рет, мектепалды тобында аптасына екі рет) сондай-ақ күн сайын режимдік сәттерде балалар әрекетінің: қарым-қатынас, заттық, ойын, еңбек, көркем (педагогтің көркем әдебиет оқып беруі, кітаптарды, иллюстрацияларды қарау), театрландырылған және дербес әрекет және басқа да әрекет түрлері арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салтт-дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарымқатынасты игерту ұсынылады.
Бағдарламаның мақсаты балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын (түсіну және айту) қалыптастыру.
Ересек топ
(4 жастағы балалар)
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық қасиеттерді дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде режимдік сәттерде жүзеге асырылады.
Мақсаты балалардың физикалық қасиеттерін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Таңертеңгі жаттығуларды орындауда қазақ тілінде айтылған нұсқауларды, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруда айтылған сөз тіркестерін тыңдауға үйрету. Сергіту сәттерінде сөздік қорларын қазақ тіліндегі сөздермен байыту. Қимылды, ұлттық ойындар, ойындардың ережелерін қазақ тілінде тындауға және оларды орындауға үйрету. Ұлттық ойындарға қажетті құралдармен таныстыру. Балаларға арналған қазақ тіліндегі әндерді алдымен тыңдап, қолданылатын сөздерді түсініп, әннің ырғағына сәйкес жаттығулар мен қимылдарды орындауға ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде режимдік сәттерде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты әлеуметте қарапайым қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру арқылы қазақ тілін үйрету болып табылады.
Міндеттері:
Күні бойы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізуге ұсынылады. Коммуникативтік дағдыларын дамытуда өзара қазақ тілінде сәлемдесу, өтініш, ырзашылық білдіруге көңіл аудару. Сюжеттірөлдік ойындар, театрландырылған әрекеттер арқылы қазақ тілінде сөйлеуін дамыту.
Тілдік дамытушы орта
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына тілдік дамытушы орта құру: бір-бірімен күнделікті режимдік сәттерде қазақ тілінде сөйлесуге, қарапайым сұрақтарға жауап беруге, қазақ тіліндегі кітаптарға қызығушылықты ояту арқылы өз бетінше кітаптарды қарауға, сәлемдесуге, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Қазақ тіліне тән ә, ө, і, ү дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу және сол дыбыстармен берілген сөздерді айтуға үйрету.
Сөздік қор
Түрлі балалар әрекеттерінде сөздік минимумда берілген сөздерді айтуға үйрету. Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Туыстық қатынасқа байланысты сөздермен таныстыру («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе»), оларды айту және түсінуге үйрету.
Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, қысқа тақпақтар, шағын өлеңдер жаттауға баулу.
Таныс ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу («бар», «кел», «айт»).
Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Балалардың өздеріне айтылған сөзді түсінуін қалыптастыру, педагогтің айтқан қарапайым сөз тіркестерін әңгімелесуде қолдануға баулу. Оқылған шығармадағы сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.
Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.
Күтілетін нәтижелер:
«аға», «апа», «іні», «бөпе») түсінеді, айтады;
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетінің элементтері арқылы іске асырылады.
Мақсаты: балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Күні бойы, ұйымдастырылған іс-әрекет барысында қазақ тілінде 5-ке дейін реттік санауды үйрету. Сандарды реті бойынша атауға, «қанша?» сұрағына жауап беруге баулу, геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы) атай білуге үйрету, қазақ тілінде қысқа санамақтар жаттауға баулу. Дидактикалық және дамытушы ойындар, санамақтар арқылы қазақ тілінде сөйлеуін дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің элементтері арқылы іске асырылады.
Мақсаты: балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
тәрбиеленушілердің бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуіне назар аудару;
Сурет салуда қазақ халқының тұрмыстық заттарына қызығушылықты дамыту. Суретін салуда, жапсыруда, мүсіндеуде, құрастыруда жиі қолданатын заттардың атауларын (қағаз, желім, ермексаз, қайшы, бояу, қалам) қазақ тілінде атай білуге үйрету. Қазақ халқының ұлттық аспабы домбырамен таныстыру. Қазақ тілінде балаларға арналған әндерді тыңдату, қазақ ұлттық аспаптарда ойнату, қазақ халқының би қимылдарының қарапайым элементтерін үйрету. Құрастыруда құрылыс бөлшектерін қазақ тілінде (текше, кірпіш) айта білуге баулу.
Күтілетін нәтижелер:
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекетінің элементтері арқылы іске асырылады.
Мақсаты: балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Туыстық қатынасты («әке», «ана», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні», «бөпе») білдіретін сөздерді өз бетінше айтуға баулу. Қоршаған ортадағы заттардың қазақ тіліндегі атауларын үйрету. Күнделікті тұтынатын жемістер мен көкөністердің (алма, өрік, шие, қияр, сәбіз) және үй жануарларының (мысық, ит, қой, лақ, сиыр) атауларын қазақ тілінде айтуға үйрету. Мемлекеттік рәміздерді (ту, елтаңба, әнұран) қазақ тілінде атай білуді жетілдіру. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы және Отан туралы шағын өлеңдер, тақпақтар жаттату. Мамандықтар (аспаз, дәрігер, сатушы, тәрбиеші) туралы қазақ тілінде айтуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
«бөпе») білдіретін сөздерді өзбетінше айтады;
қолданады (алма, өрік, шие, қияр, сәбіз);
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық қасиеттерді дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде режимдік сәттерде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың физикалық қасиеттерін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Таңертеңгі жаттығулар барысында қазақ тілінде айтылған нұсқауларды орындауға үйрету, қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсініп, сақтауға баулу. Сергіту сәтінде, серуен кезінде педагогтің қазақ тілінде берген нұсқауларын орындауға жаттықтыру. Қимылды және ұлттық ойындардың атауларын қазақ тілінде үйрету, сондай-ақ олардың ережелерін түсіну және орындау. Ұлттық ойындарға қажетті құралдарды қолдануға баулу. Іс-қимылды білдіретін сөздерді (жүр, отыр, тұр, бар, секір, жүгір, қуып жет, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, сапқа тұру) түсінуге және қимылдарды орындауға үйрету, осы сөздермен сөздік қорды толықтыру.
Күтілетін нәтижелер:
біледі;
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамытуда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Күні бойы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің элементтерін қазақ тілінде өткізу. Коммуникативтік дағдыларын дамытуда белсенді сөздік қорын байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту.
Тілдік дамытушы орта
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қазақ тілінде қарымқатынас жасауына тілдік дамытушы орта құру: сәлемдесуге, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, ұжымдық әңгімеге қатысуға, түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіруге баулу.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде айтуға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерден жай сөйлем құрастыруға үйрету.
Сөздік қор
Сөздік қорды ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көкөніс пен жеміс, үй жануарларының атауларын білдіретін зат есімдермен байыту (сөздік минимум).
Туыстық қатынасты білдіретін сөздерді («ана», «әке», «ата», «әже», «аға», «апа», «іні») күнделікті қолдануға ықпал ету.
Өзінің отбасы, ата-анасының мамандықтары, отбасындағы қызықты оқиғалар туралы айтуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-3 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Қазақ тілінде қарым-қатынас барысында балаларды сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға жауап беруге баулу.
Таныс кітаптардағы суреттерді құрдастарымен бірге қарастыру, ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беруге, өздігінен қайталап айтуға баулу.
Суреттердің мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
Педагогпен бірге таныс ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда қазақ тілінен үйренген сөздерін қолдануға үйрету.
Педагогтің үлгісі бойынша ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, жемістерді, жануарларды, төрт түлікті өздігінен сипаттау және қысқаша әңгімелеуге баулу. Бір-бірімен диалог құруға мүмкіндік беру.
Сөздік қорды дамытуда санамақтар, қысқа тақпақтар, мақал-мәтелдер, әндер жаттауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетінің элементтері арқылы іске асырылады.
Мақсаты: балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Қазақ тілінде 10-ға дейін тура және кері санауға жаттықтыру. Геометриялық фигураларды (дөңгелек, ұшбұрыш, шаршы, сопақша, тіктөртбұрыш) атай білуге үйрету.
Жиі қолданатын заттардың түстерін, пішіндерін, айлар, жыл
мезгілдерін, тәулік бөліктерін («кеше», «бүгін», «ертең») қазақ тілінде атай білуге үйрету.
Заттардың орналасқан жерін (сол, оң) қазақ тілінде атай білуге үйрету. Сандарды реті бойынша атауға, «қанша?», «қайда?» сұрақтарына жауап беруге баулу.
Күтілетін нәтижелер:
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің элементтері арқылы іске асырылады.
Мақсаты балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыруда жиі қолданатын заттардың (қағаз, желім, ермексаз, қайшы, бояу, қалам), негізгі түстердің атауларын (ақ, қара, көк, жасыл, сары, қызыл) қазақ тілінде атай білуге үйрету.
Зерттеу қызметінде жиі қолданылатын заттарды (су, құм, тас, бояу) қазақ тілінде атауға үйрету, балаларға бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесуге мүмкіндік беру.
Шығармашылық дағдыларды дамыту барысында өзінің жұмыстарын қазақ тілінде әңгімелеп беруге баулу.
Балалар музыкалық аспаптарында қазақ тілінде қарапайым, таныс әндерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін үйрету балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекетің элементтері арқылы іске асырылады.
Мақсаты балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыруда қазақ тілін үйретуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Өзі және өзінің отбасы жайлы, ата-анасының мамандықтары туралы қазақ тілінде әңгімелеп беруге ынталандыру, отбасы мүшелеріне алғыс айтуды (рақмет), сыпайы сөйлеуді (сіз, кешір, өтінем) үйрету.
Қазақ тілінде «дұрыс», «дұрыс емес», «жақсы», «жаман», «болады», «болмайды» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Күнделікті тұтынатын жемістер мен көкөністердің (алма, алмұрт, өрік, шие, қияр, сәбіз, қызанақ) және үй жануарларының атауларын (мысық, ит, қой, лақ, қозы, сиыр, ешкі, жылқы) қазақ тілінде айтуға жаттықтыру.
Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы және Отан туралы шағын өлеңдер, тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттату. Күтілетін нәтижелер: