«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» бөбекжайы» МКҚК
ГККП «Ясли-сад «Мерей»  города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

/public/files/2026/2/26/260226_180504_memlekettk-yzmetter-turaly-esep.pdf

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Сырымбет 39А

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» бөбекжайы» МКҚК»  білім беру саласында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Оның ішінде:

Мемлекеттік қызмет көрсетуден , оның ішінде:  108– электрондық форматта және  7 – қағаз форматында.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет;
  • "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет:

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат бөбекжайдың  ресми интернет-ресурсынан   http://ds0025.kokshetau.aqmoedu.kz/  көруге болады.

«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ бөбекжайдың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы бөбекжайда түсіндіру іс-шаралары  өткізілді.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында  «Мерей» бөбекжайы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы  жұмыс істейді.
  2. 2022 жылдан бастап бөбекжайда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. Бөбекжайда  мемлекеттік қызметі жауапты қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» бөбекжайы» МКҚК» қатысты ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

Меңгеруші                                                                                                  Г.Бегжанова

 

Орынд: А.Газизова
Тел.: 32-7894


Текст