Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" заңдарына, "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде жүзеге асырылады.
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» балабақшасы» «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ата-аналар мен олардың заңды өкілдеріне мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы «Мерей» балабақшасы құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау бойынша 111 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алынады. Балабақша ғимаратында стендте мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат екі тілде орналастырылған: «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы жұмыс жасайды.Қызмет көрсету бұрышында ата-аналарға және заңды өкілдерге «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша үлгі нұсқаулықтар орналасқан.
Балабақшаның http://ds0025.kokshetau aqmoedu.kz/ сайтында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ақпараты орналастырылған.
«Мерей» балабақшасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, ата-аналар мен заңды өкілдеріне мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер қағаз нысанда көрсетіледі.
Меңгеруші көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты бақылау жүргізеді. 03.01.2023 ж.бастап 30.11.2023 ж. дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер «Білім беру жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Балабақша жоспары бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ескертулер жоқ. 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының есепті деректері бойынша бұзушылықтар жоқ
Есеп кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі арттыру перспективалары: