Тақырыбы: «Сөйлемейтін балалардың тілін дамытуға арналған ойындар» Логопедтен ата - аналарға кеңес.
Тақырыбы: «Сөйлемейтін балалардың тілін дамытуға арналған ойындар»
Баланың сөйлеуі бірден пайда болмайды. Егер бала сөйлемесе, бұл оның қаламағанынан емес — оған қиын. Ата-ананың міндеті — ойын арқылы сөйлеуді дамытуға көмектесу.
- «Жануарлар қалай дыбыстайды?»
Мақсаты: дыбысқа еліктеу арқылы тілді дамыту.
Балалар жануарлардың дыбысын қайталайды: «мө-мө», «ау-ау», «мияу». - «Дыбысты қайтала»
Мақсаты: сөйлеу аппаратын белсендіру.
Тәрбиеші қарапайым дыбыстарды айтады, бала қайталайды. - «Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: сөздік қорын дамыту.
Бала қапшықтан зат алып, атауын айтуға тырысады. - «Қандай дыбыс?»
Мақсаты: есту қабілетін дамыту.
Қоңырау, сылдырмақ дыбыстарын ажырату. - «Қар ұлпасын үрле»
Мақсаты: тыныс алу жаттығуы арқылы тілді дамыту.
Балалар мақта немесе қағазды үрлейді. - «Көрсет және ата»
Мақсаты: сөзді түсіну және айтуға ынталандыру.
Суреттер арқылы жұмыс жүргізіледі. - «Сөзді аяқта»
Мақсаты: буындарды айтуға үйрету.
Тәрбиеші: «ба…», бала жалғастырады. - Саусақ ойындары
Мақсаты: ұсақ моторика мен сөйлеуді дамыту.
«Қуырмаш», «Санамақ» ойындары.