"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мерей" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Мерей" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.

  Ең бастысы – адамдардың қоғамға деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.

   Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қауымдастығына қауіп төндіріп отыр.Біздің Республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

   Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.

    Бұл індет -адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

    Мемелекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан – тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние мүлік, ақша капиталын салық декларациясын, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.

Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы – құқық қорғау органдары.«Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып турасын айтып әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып еңсесі биік  жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

 

 

Жаңартылған күні: 05.07.2024 16:09
Құрылған күні: 05.07.2024 16:09

Текст