Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс-қимылдардың алдын алу
I. Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар
Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану КР Қылмыс Кодекс және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асырылады.
Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.
Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру;
Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету;
Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда);
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу;
Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.
Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция жемқорлық заң бұзушылықтарды айқындау, тоқтату, ескеру және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен айналысады.
Сіз аталған органдарға жемқорлық қылмысы мен әкімшілік заң бұзушылық жөнінде өтінішпен шағымдана аласыз. Белгіленген мерзім ішінде сіздің өтінішіңізге жазбаша жауап келеді, өтінішіңізді қарастырудың қорытындысы жария етіледі.
Есте сақтаңыз! Егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдем көрсететін болсаңыз, онда сізге қол сұғылмаушылыққа байланысты мынандай мемлекеттік кепілдіктер тағайындалады: егер сіз жемқорлық заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлассаңыз немесе жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз – онда мемлекет қорғауында боласыз; егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, онда сіз туралы жеке ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі, тек прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден қызметі, шекара полициясы мен соттың сұрау салуы бойынша ғана жария етіледі.
Бұл ақпарат жария етілсе, заңда бекітілген жауапкершілікке тартылады; егер Сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, қажет жағдайда, жемқорлықпен күресті жүргізіп жатқан органдар сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуі керек.
ҚР Экономикалық және сыбайластық жемқорлықпен күрес Агенттігінде жемқорлық фактілерін хабарлайтын тұлғаларды қорғау департаменті жұмыс жасайды. Қажет болса, тұлғаларды қорғау барысында құпия іс жүргізуге, олардың мекен-жайы, тегін, мен тіпті бет-әлпетін өзгертуге де мүмкіндік бар.
Жасалған жемқорлық заңбұзушылық жөнінде сіз «Экономикалық қылмыстар мен жемқорлықпен күрес» Департаментінің сенім телефоны – 144, сонымен қатар, әр мемлекеттік органдардағы сенім телефондары арқылы хабарласа аласыз. Жоғарыда аталған кепілдіктер жалған ақпарат берген тұлғаларға көрсетілмейді.
Мұны білген жөн (оқып шығыңыз): «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қатысты жағымсыз қабылдауды қалыптастыру»