«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылыққабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкінемес». В.А. Сухомлинский І. Кіріспе бөлімі. Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларынмолайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерінкүнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекеткезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге,қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге,өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздікқорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: -балалардың сөздік қорларын дамыту; -жаңа сөздерді меңгерту; -үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын,тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседенөзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілініңдамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жолашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы менқұлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойынүстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға дегенқұлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршағанүлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқтыөмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бірәрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттаралады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлықдағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетінетәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойынжаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялықойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйініңүйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін,әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардыңнегізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай,құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастарқайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағықандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Сонымен балалардыңсөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығулардықолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорыдамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктеріқалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттербойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әріүлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар менқұбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етініңқимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелеріәрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзікқимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, балақолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. ІІ. Негізгі бөлім. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста жәнемектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасаудаөлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалануұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысынқалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Алересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдыңикемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтыңяғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Ұсақмоториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығынұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауынаүйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтапқоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары менқолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады.Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Қазіргікезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады.Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек? Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіптіқазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге деқиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осыныңбәрін жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілініңдамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадайқорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тіліқалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәліемес. Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақмоториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдауменқатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты баланүйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой. Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алуқаупі бар.