"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мерей" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Мерей" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік жұмыс Семинар-практикум Тақырыбы: «Дәстүрлі емес сурет салу әдістерімен танысу және олардың мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудағы рөлі»

23.11.2021

Семинар-практикум

Тақырыбы  « Бейнелеудегі дәстүрлі емес тәсілдермен таныстыру және мектепке дейінгі балалардың дамуындағы маңызы»

                                                                      Орындаған: «Көңілді суретші»

                                                                           үйірмесінің жетекшісі Калина А.С.
                                                                           Көкшетау қ., МКҚК№ 12«Мерей»

                                                                            балабақшасы.

 

Өткізу түрі: Семинар-практикум  

Мақсаты:Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы,шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу.Балабақшадағы үйірмелер жұмысының өзектілігін көрсету. Педагогтарды дәстүрлі емес бояудың сан алуандылығымен таныстыру.

Жұмысымның ұраны: «Бала үшін, баламен бірге,баланың мүмкіндігіне сай.»

Даярлық кезең:

1.Әр түрлі әдісте орындалған балалар суреттерінің көрмесін дайындау.

2.Дәстүрлі емес әдісте қолданылатын материалдарды көрсету .

3. Дәйексөздер.

 

«Балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі, келешек өмірге дайындық емес, нақты, жарқыраған, ерекше, қайталанбайтын өмір.Балалық шағының өтілуінен , баланың балалық шағында қолынан жетелеген адамынан, қоршаған ортадан оның ойы мен жүрегіне не ұялатқаннан - бүгінгі бөбектеріміз қандай адам болатынын көруге болады». (В. А. Сухомлинский)

 

Кіріспе сөз.

Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі.Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру) .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек.Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе,күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.

Бірнеше жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысында мен бейнелеу әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті:

  • Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы;
  • Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі;
  • Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра білуі;
  • Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі;
  • Өз жұмыс орнын жинай білуі;

Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды:

  • Сабақ барысында,  жауап айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп қалушылық;
  • Өздігінен бейнелеу құралдарын таңдауда,суретті параққа орналастыруда әректсіздік;
  • Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін қолдану кезіндегі жаңғалақтық;
  • Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау;
  • Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту;
  • Қиялын,көркем шығармашылығын байқату;
  • Суретке жеке көзқарасын жеткізу;

Қорытындылай келе, балаларға өзіне деген сенімділік,елестеу,дербестік жетпейтінін байқадым.Осы мәселелердің шешімін табу үшін әдістемелік әдебиеттерді  тереңдете оқи бастадым.Өзім үшін келесі бейнелеу әрекетінің басқару критерийлерін айқын белгіледім, олар :балалардың шығармашылық даму ерекшеліктерін ескеру,олардың өзгешілігін байқау,әдепті түрде баланың дербестігі мен ықыласын қолдау,қажетті дағдыларды меңгеруіне әрекет жасау.  

Әсіресе балалардың ой-өрісін дамытуға, өзгеше ойлауға, шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектесетін   дәстүрлі емес бейнелеу тәсілдері қызықтырды.Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар.Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді,тыйым мен шектеулер болмайды.Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»   Дәстүрлі емес бейнелеудің жолдары өзгеше құралдар мен материалдардың байланысуын көрсетеді.Әрине,бұл техникалардың құндылығы  оның жан-жақты пайдалануында. Оның жасалу тәсілдері балаларға да, ересектерге де қызықты және қолайлы.

Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Тәжірибемде бұл міндеттерді «Көңілді суретші» үйірмесінде жүзеге асырамын. Үйірме барысында балаларға сурет арқылы өз ойын, сезімін, уайымын, көңіл-күйін білдіруіне шектеу қойылмайды.Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы  түрлі түсті дақтар мен сызықтардан танымал бейнені тауып, оны безендіруге мүмкіндік тудырады. Үйірме сабақтары « оқыту мен зерделеу» үлгісінде емес. Балалар бейнелеу әдістерін қоршаған ортаны  қызықты түрде игереді, сурет салу процессіне ерікті түрде қатыстырылады. Сабақтар суретшінің шығармашылық процессіне сай кезеңдерден өтетін алуан түрлі материалдар арқылы педагог пен балалардың жасампаз, шығармашылық жұмысына айналады. Бұл сабақтар қиял, шығармашылық , дербестік бұлағының рөлін атқарады.

Теориялық кезең

Дәстүрлі емес бейнелеу техникалары.

Жартылай құрғақ қылқаламмен түрту

Суреттеу құралдары: реңктін ерекшелігі,түс

Қажетті заттар: қатты қылқалам, гуашь, кез келген түсті және пішінді қағаз, немесе жалбыраған немесе тікенді жануардың нұсқасы

Бейненің жасалу тәсілі:бала гуашқа қылқаламды малып, қағазға оны тігінен соғады. Жұмыс барысында қылқаламды суға малмайды.Осылайша түгел қағаз,пішін немесе сұлба толтырылады.Жалбыраған немесе тікенді бет тәрізді шығады.

Саусақтармен сурет салу

Суреттеу құралдары : дақ, нүкте,қысқа сызық, түс

Қажетті заттар: ыдыстағы гуашь, кез келген түсті қатты қағаз, кішірек қағаз беттері, сүрткіш.

Бейненің жасалу тәсілі: бала саусағын гуашқа малып, қағазға дақтар мен нүктелерді салады.Әр саусаққа түрлі түсті бояу жағылады.Жұмыс жасап болған соң саусақтарды сүрткіштермен сүртеді.Қолы оңай жуылады.

Алақанмен сурет салу

Суреттеу құралдары : дақ, түс, қиял пішін.

Қажетті заттар: гуашь құйылған кең табақшалар,түрлі түсті қатты қағаз, үлкен қағаздар, сүрткіштер.

Бейненің жасалу тәсілі: бала гуашқа алақанын малады (толық алақанын) немесе қылқалам арқылы алақанын бояйды(5 жастан бастап), содан соң қағазға алақанын бастырады.Түрлі түске боялған оң және сол қолымен салады.Жұмыстан соң сүрткіштермен алақанын сүртеді, сосын алақандары оңай жуылады.

 

Қағазды домалату

Суреттеу құралдары :фактура, көлем.

Қажетті заттар : қағаз майлықтар немесе екі жақты түсті қағаз, табақшаға құйылған ПВА желімі,қатты қағаз немесе түрлі түсті картон.

Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды қолымен  жұмсақ болғанша умаждайды. Одан доңгелек жасайды.Мөлшері кішкентай (жидек) немесе үлкен ( бұлт,аққаланың денесі) болуы мүмкін.Содан соң қағаздан жасалған дөңгелек желімге малынып  қатты қағазға жапсырылады.

Поролонмен баспа-таңба

Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.

Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді поролон  салынған ыдыс немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз,поролонның үзімдері.

Бейненің жасалу тәсілі: бала поролонды жастықшаға қатты басып қағазға таңбасын түсіреді. Түсті өзгерту үшін басқа ыдыс пен поролон жастықшасы алынады.

Умаждалған қағазбен баспа-таңба жасау.

Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.

Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді жұқа поролон  салынған        табақша немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз, умаждалған қағаз.

Бейненің жасалу тәсілі: бала умаждалған қағазды  боялған жастықшаға қатты басып, қағазға таңба жасайды.Басқа түсті алу үшін табақша да, қағаз да ауыстырылады.

Балауыз борлар+акварель

Суреттеу құралдары : түс, сызық, дақ, фактура.

Қажетті заттар: балауыз борлар, қатты ақ қағаз, акварель, қылқаламдар.

Бейненің жасалу тәсілі: бала ақ қағазға балауыз борлармен сурет салады. Содан соң акварель бояуымен бір немесе бірнеше түспен суретті бояйды. Балауыз бордың ізі боялмайды.

Шырақ+ акварель

Суреттеу құралдары :түс, сызық, дақ, фактура

Қажетті заттар: шырақ, қатты қағаз, акварель, қылқаламдар.

Бейненің жасалу тәсілі: бала шырақпен қағазға сурет салады. Содан соң қағаздың бетін бір немесе бірнеше түспен бояйды.Шырақпен салынған сурет боялмай ақ түсті болып  қалады.

Затты монотипия

Суреттеу құралдары:дақ, түс, симметрия.

Қажетті заттар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.

Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын салады( симметриялық суреттер таңдалады). Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында оны екіге бүктейді. Содан соң суретті безендіруге болады. Безендірген соң қағаз бүктеледі.

Бүрку

Суреттеу құралдары:нүкте, фактура.

Қажетті заттар: қағаз, гуашь, қатты қылқалам, қатты қағаздың немесе пластиктың қиығы.(5х5)

Бейненің жасалу тәсілі: бала қылқаламды бояуға малып қағаздың үстінде ұстап тұрған қатты қағазға қылқаламды соғады. Содан соң акварельмен қағазды бір немесе бірнеше түске бояйды. Бояу қағазға шашырайды.

Жапырақты таңбалау

Суреттеу құралдары:фактура, түс.

Қажетті заттар: қағаз, гуашь, түрлі ағаштардың жапырақтары,( түсіп қалған), қылқалам.

Бейненің жасалу тәсілі:бала ағаштың жапырақтарын түрлі түстерге бояйды, сосын боялған жағымен қағазға таңбалайды.Келесіде басқа жапырақ алынады. Жапырақтың түбін бейнелеп аяқтауға болады.

Түрлі техникаларды пайдалана отырып,балалардың мүмкіндіктерін анықтаудағы бірнеше сабақ топтамасын өткізу барысында балалардың бояуларды қолдануда  дәстүрлі емес техникаларды игеруге икемдері бар екені байқалады. Бейнелеу-шығармашылық мүмкіндіктері нашар балалардың көрсеткіштері жылдың басындағы деңгейлерінен жоғарлағаны байқалады, дәстүрлі емес техниканы қолдану арқасында тақырыпқа деген қызығушылықтары артып, түстерді қабылдау мүмкіндіктері жақсарды.

Тәжірибелік кезең.

Балалардың барлығы сурет салғанды ұнатады.Олар үшін шығармашылық-жан-сезім әрекетінің бейнесі.Сезім, ақыл-ой, көздері мен қолдары- жанының құралдары.Әлемнің сұлулығы мен үндестігімен кездесіп,масаттану мен қуанышқа бөлену сезімін бастан кешіп, олар өзінің көзқарасын қағазға таңбалап «ғажап мезетті тоқтату» ықыласына бөленеді.

Шығармашылық зорлық пен қысым бар жерде күн көре алмайды.Ол еркін, жарқын және қайталанбас болу керек.Қарындаштарымен, фломастерлерімен, бояуларымен қоштаспай бала өзі байқамай-ақ бақылауға, салыстыруға, ойлауға, қиялдауға үйренеді.

Балаға қарындаштардың, фломастерлердің, қаламның және қылқаламның қағаздағы қалдыратын іздері үйреншікті және танымал, ал мөр мен сұлбаны салудағы саусақтары мен алақанының қолдануы қызықтырады. Бейнелеу әрекетін ұйымдастырудағы дәстүрлі емес тәсілдер балаларды қызықтырады және масаттандырады,қызықты іспен айналысуға жетелейді.Түпнұсқалық сурет салу баланың шығармашылық мүмкіндігін ашады, бояуды, оның мінезі мен көңіл-күйін сезінуге ынталандырады.Кішкентай суретшінің үсті-басы былығып қалуы қорқынышты емес, негізгісі – ол бояулармен тілдесуден ләззаттанып, өзінің еңбегінің жетістіктеріне қуануы.

«Қылқаламның орнына қол»

 

Қажетті материалдар мен құралдар:

Реңкті немесе ақ қағаз, гуашь бояулары, қылқаламдар, қолды сүртуге арналған мата..

Жұмыс тәртібі:

Егер алақанды бояп қағазға таңбасын түсірсе,ол қағазда алуан түрлі қызықты бейнелерді көруге болады.Біздің алақандарымыз күннің көзіне айналады.Алақандарыңды ашып,саусақтарыңды жан-жаққа жылжытыңдар.Енді саусақтарыңды жақындатыңдар. Міне, қандай дуал болып шықты!Ал егер бас бармақты әрірек итерсек, ал қалғандарынның арасын ашып қойсақ сүйкімді кірпі болып шығады.Тек қана үстіне жетіспейтін саңырауқұлақты салуға қалады және де аяқтарын, көздері мен тұмсығы туралы ұмытпаған жөн.Көбелек те ұшып жүр,гүл де өзінің күлтелерімен қуантып тұр, піл де, балық та және бөбегіңізбен бірге көп нәрсені қиялдауға болады.

«Жапырақтармен қағазда таңбалаймыз»

Қажетті материалдар мен құралдар:

Гуашь, акварель, қылқалам, қарындаш, қағаз, түрлі түсті тушь немесе сия, поролон үзігі,сонымен қатар түрлі ағаштардың, гүлдердің жапырақтары.

Жұмыс тәртібі:

Түрлі ағаштардың жапырақтарын жинап,әр жапырақты тарамы жағынан гуашпен бояймыз.Таңба жасайтын қағаз түрлі түсті болуы мүмкін.Боялған жағымен жапырақты қағазға басамыз.Ақырын жапырақтың шетінен ұстап, аламызТағы да жапырақты бояп қағазға таңбалаймыз. Егер жапырақты айналдырып таңбалау арқылы гүл жасап шығаруға болады, сабағын бейнелеуге болады. Қағаздың екі жағына симметриялап таңбалап, денесін бейнелесе көбелек жасап шығаруға болады.Жапырақтың таңбасына мұқият қарап, күтпеген бейне жасауға болады.. Ал осы тәсілдің « ылғалды» техникасымен үйлестіру әдісі реңктеуде қиялды кеңістіреді.Мысалы, жазықты бейнелегенде шөп фонның рөлін атқарады.Қағазды алып, оны поролонның көмегімен сулаймыз, содан соң қажетті бояуды құйып жапырақтарды таңбалаймыз.

Бұл орындалу техникасы әдіс-тәсілдерінінң сан түрлілігімен жақсы.Егер жапырақты фонға қарағанда қою түспен бояса, таңбасы әлдеқайда қанық  болады.Таза жапырақты басқан кезде, кескіні жұмсақ,бірқалыпты болады.

 

Кляксография бейнелеу техникасы

Сурет салу тәсілі: Құрғақ немесе түстелген қағаздың төменгі жағына күрең түсті(қара, қоңыр, жасыл) бояуды тамызу . Түтікшеден тамшыға алдына қарай итегендей үрлеу.Үсақ тармақшалар пайда болу үшін, үрлеген кезде түтікшені жан-жаққа шайқауға болады.Кей жетіспейтін элементтерін бейнелеп немесе табиғи заттарды жапсырып безендіруге  болады.

Осы тәсіл арқылы жасалған балалардың жұмыстарынан көрме.

Тәсілдің қиындығы: Әдісті кезең-кезеңмен, жеке немесе топтың жартысымен өткізу.Өзі сенімсіз балаларға көмек көрсету.Жұмыс уақытында балалардың қауіпсіздігіне аса назар аудару.Балалардың көпшілігіне бұл жұмыс ауыр болғандықтан, қозғалмалы үзілістер жасау керек.

Әдісті қолданардағы тақырыптар үлгісі: «Алаңқайдағы шоп», «Күзгі көрініс», «Күннің батуы», «Мұхиттың түбінде», «Аквариум», «Жіппен ойнаған марғау» т.б.

Трафарет бойынша сурет салу әдісі

Сурет салу тәсілі:Трафарет жасау: қағазды ортасынан бүктеп, шетінен 1 см кесіп алып, бүктелген жерге құмыраның жарты суретін және ішіндегі гүл шоғын салу.Барлығын дұрыстап қиып аламыз.Таза қағазға трафаретті қоямыз.Бояуға сорғышты малып, қағазға бастырып «қадалғыш» қимыл жасаймыз. Сорғышты басқа түсті бояуға малып,таңбалауды жалғастырамыз. Керекті түстерді пайдаланып,бояуды суреттің түгел жеріне саламыз.Қалауынша суреттің бөлшектерін қылқаламмен немесе фломастермен басып шығуға болады.

Осы тәсіл арқылы жасалған балалардың жұмыстарынан көрме.

Әдісті қолданардағы тақырыптар үлгісі : «Күз», «Аквариум», «Сүйікті жануарларым», «Анама ашықхат», «Менің ойыншықтарым», «Қиял-ғажайып», «Жол», «Гүл шоғы» және т.б.

Балауыз борлармен, шырақпен сурет салу әдісі.

Көрінбейтін суретті ақ түсті балауыз борымен немесе шырақпен жасауға болады.

Тәсілдің қиындығы:Кішкентай баланың көрінбейтін суретті табуға қызығушылығын ояту қажет.Алғашқы кезеңде баланың қызығушылығы сөнбейтіндей қызықтыра білу керек.Өзіне өзі сенбейтін балаларға көмек қажет болады.

Осы тәсіл арқылы жасалған балалардың жұмыстарынан көрме.

Әдісті қолданардағы тақырыптар үлгісі: «Бұл кім?», «Сиқыршылар»

Әдістердің түрлілігі балалар жұмыстарындағы кейіп бейнелілігіне ықпалын тигізеді. Балаларға бейнелеу әдістерін меңгеру жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған жағдайда шынайы қуаныш сыйлайтыны менің тәжірибемде байқалды. Олар ерекше көңілмен  ауада ұшып жүрген күзгі жапырақтарды, жерге дыбыссыз түскен қарды дақ, жағу, штрих арқылы қайта-қайта бейнелейді.Балалар батылдықпен бейнелеу құралдарын таңдайды, өз таңдауының сан түрлілігі мен салдары қорқыныш тудырмайды.Орындалудың әдіс-тәсілі оларды рақаттандырады.Балалар қимылдарды қайта-қайта орындағылары келеді.Неғұрлым қимылдары жақсы орындалса, соғұрлым өз жетістігіне қуанып , үлкендердің назарын аударып, жұмысын  сүйсіне орындайды.

Қорытынды кезең.

  1. Тәрбиешілерге дәстүрлі емес әдісінде сурет салатын суретшілер атағын беру (күлкілі куәлік табыс ету).
  2. Семинар қатысушыларына жадынама тапсыру

3 жастағы балалармен дәстүрлі емес әдісімен жұмыс түрлері.

«Қылқаламның орнына қол»

Қажетті материалдар мен құралдар:

Реңкті немесе ақ қағаз, гуашь бояулары, қылқаламдар, қолды сүртуге арналған мата..

Жұмыс тәртібі:

Егер алақанды бояп қағазға таңбасын түсірсе,ол қағазда алуан түрлі қызықты бейнелерді көруге болады.Біздің алақандарымыз күннің көзіне айналады.Алақандарыңды ашып,саусақтарыңды жан-жаққа жылжытыңдар.Енді саусақтарыңды жақындатыңдар. Міне, қандай дуал болып шықты!Ал егер бас бармақты әрірек итерсек, ал қалғандарынның арасын ашып қойсақ сүйкімді кірпі болып шығады.Тек қана үстіне жетіспейтін саңырауқұлақты салуға қалады және де аяқтарын, көздері мен тұмсығы туралы ұмытпаған жөн.Көбелек те ұшып жүр,гүл де өзінің күлтелерімен қуантып тұр, піл де, балық та және бөбегіңізбен бірге көп нәрсені қиялдауға болады.

«Саусақпен таңбалаймыз»

Қажетті материалдар мен құралдар:

Сурет салуға арналған қағаз, палитра, акварель бояулары, қолға арналған сүрткіштер, қылқалам, қара түсті қарындаш, газет.

Жұмыс тәртібі:

«Түрлі түсті балық».Палитраға дайындап қойған  түсті бояуларға бас бармағымыздың ұшын маламыз.Таңба жасаймыз. Саусағымыздың ұшымен балықтың құйрығын жасаймыз.Қарындаштың ұшталмаған жағын қара бояуға малып, балықтың көзін таңбалаймыз.

«Гүл».Сұқ саусағымызбен гүлдің күлтелерін, кішкентай саусақпен ортасындағы дағын жасаймыз.

Алақанмен және саусақпен сурет салу әдісі мөрмен таңбалау әдісіне ұқсайды.Бұл әдістің ең қарапайым түрлерін бөбектермен орындауға болады, мысалы, нақты пішінді қағазға таңбалау

Ортаңғы топ балаларымен дәстүрлі емес әдісімен жұмыс түрлері.

  Поролонмен баспа-таңба

Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.

Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді поролон  салынған ыдыс немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз,поролонның үзімдері.

Бейненің жасалу тәсілі: бала поролонды жастықшаға қатты басып қағазға таңбасын түсіреді. Түсті өзгерту үшін басқа ыдыс пен поролон жастықшасы алынады.

Умаждалған қағазбен баспа-таңба жасау.

Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.

Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді жұқа поролон  салынған  табақша немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз, умаждалған қағаз.

Бейненің жасалу тәсілі: бала умаждалған қағазды  боялған жастықшаға қатты басып, қағазға таңба жасайды.Басқа түсті алу үшін табақша да, қағаз да ауыстырылады.

Алақанмен сурет салу

Суреттеу құралдары : дақ, түс, қиял пішін.

Қажетті заттар: гуашь құйылған кең табақшалар,түрлі түсті қатты қағаз, үлкен қағаздар, сүрткіштер.

Бейненің жасалу тәсілі: бала гуашқа алақанын малады (толық алақанын) немесе қылқалам арқылы алақанын бояйды(5 жастан бастап), содан соң қағазға алақанын бастырады.Түрлі түске боялған оң және сол қолымен салады.Жұмыстан соң сүрткіштермен алақанын сүртеді, сосын алақандары оңай жуылады.

Ересек топ балаларымен дәстүрлі емес әдісімен жұмыс түрлері.

Поролонмен баспа-таңба

Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.

Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді поролон  салынған ыдыс немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз,поролонның үзімдері.

Бейненің жасалу тәсілі: бала поролонды жастықшаға қатты басып қағазға таңбасын түсіреді. Түсті өзгерту үшін басқа ыдыс пен поролон жастықшасы алынады.

Умаждалған қағазбен баспа-таңба жасау.

Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.

Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді жұқа поролон  салынған  табақша немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз, умаждалған қағаз.

Бейненің жасалу тәсілі: бала умаждалған қағазды  боялған жастықшаға қатты басып, қағазға таңба жасайды.Басқа түсті алу үшін табақша да, қағаз да ауыстырылады.

Балауыз борлар+акварель

Суреттеу құралдары : түс, сызық, дақ, фактура.

Қажетті заттар: балауыз борлар, қатты ақ қағаз, акварель, қылқаламдар.

Бейненің жасалу тәсілі: бала ақ қағазға балауыз борлармен сурет салады. Содан соң акварель бояуымен бір немесе бірнеше түспен суретті бояйды. Балауыз бордың ізі боялмайды.

Жапырақты таңбалау

Суреттеу құралдары:фактура, түс.

Қажетті заттар: қағаз, гуашь, түрлі ағаштардың жапырақтары,( түсіп қалған), қылқалам.

Бейненің жасалу тәсілі:бала ағаштың жапырақтарын түрлі түстерге бояйды, сосын боялған жағымен қағазға таңбалайды.Келесіде басқа жапырақ алынады. Жапырақтың түбін бейнелеп аяқтауға болады.

Мектепалды даярлық балаларымен дәстүрлі емес әдісімен жұмыс түрлері.

Шырақ+ акварель

Суреттеу құралдары :түс, сызық, дақ, фактура

Қажетті заттар: шырақ, қатты қағаз, акварель, қылқаламдар.

Бейненің жасалу тәсілі: бала шырақпен қағазға сурет салады. Содан соң қағаздың бетін бір немесе бірнеше түспен бояйды.Шырақпен салынған сурет боялмай ақ түсті болып  қалады.

Затты монотипия

Суреттеу құралдары:дақ, түс, симметрия.

Қажетті заттар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.

Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын салады( симметриялық суреттер таңдалады). Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында қағаз екіге бүктеледі. Содан соң суретті безендіруге болады. Безендірген соң қағаз бүктеледі.

Бүрку

Суреттеу құралдары:нүкте, фактура.

Қажетті заттар: қағаз, гуашь, қатты қылқалам, қатты қағаздың немесе пластиктың қиығы.(5х5)

Бейненің жасалу тәсілі: бала қылқаламды бояуға малып қағаздың үстінде ұстап тұрған қатты қағазға қылқаламды соғады. Содан соң акварельмен қағазды бір немесе бірнеше түске бояйды. Бояу қағазға шашырайды.

 

Жапырақты таңбалау

Суреттеу құралдары:фактура, түс.

Қажетті заттар: қағаз, гуашь, түрлі ағаштардың жапырақтары,( түсіп қалған), қылқалам.

Бейненің жасалу тәсілі:бала ағаштың жапырақтарын түрлі түстерге бояйды, сосын боялған жағымен қағазға таңбалайды.Келесіде басқа жапырақ алынады. Жапырақтың түбін бейнелеп аяқтауға болады.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст