Мақсаты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру және бекіту, қоршаған орта объектілерінің негізгі қасиеттері мен қатынастары туралы ұғымдар: пішіні, түсі, көлемі, саны, кеңістіктігі және уақыты бағдарлау.
Білім беру міндеттері:
- Геометриялық фигураларды пішіні, түсі, көлеміне қарай ажырата білуді үйрету; 10 дейін тура және кері санау; апта күндерін ретімен білу;
- Сандық қатарда саны мен онымен көршілес санын тауып үйрету;
-Сұрақты дұрыс құрастыруға жаттығып үйрену;
- Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту.
Дамытушылық міндеттері:
- Логикалық және бейнелік ойлауды дамыту, назар, жад, тапсырманы есту қабілеті арқылы қабылдауға үйрену, ойда санау, диалогпен сөйлеу формасы, ұсақ моториканы дамыту;
- Тапқырлығы мен жылдам реакциясын дамыту.
Тәрбиелік міндеттері:
- Математикаға қызығушылықты тәрбиелеу, бірлескен іс-қимылдардан қуаныш сезіну, сәтті орындалған тапсырмалары.
Сауықтыру міндеттері:
- салауатты өмір салтын ұстану.
Сөздік жұмыс: профессор, математика, апта, медальон.
Материалдар мен жабдықтар: Қима суреттер; доппен себет, (әр допта 1-6 дейінгі сандар); тапсырмамен карточкалар; Ж, Е, Ң,І, С әріптерімен медальондар; презентация; Дьенештың үш жиынтықты блоктары; Дьенеш блоктарының қасиеттері белгіленген карточкалар; Кюизенер таяқшалары; «Тірі апта» дидактикалық ойындар (әр түрлі түстердің жеті секторы);0 -10 дейінгі сандар жиынығы; сандармен текше; доптар; кәмпиттер бар сандық, 5,4,3,2 сандары балалардың саны бойынша.
Алдын-ала жұмыс: математикалық есептерді шешу, Дьенеш блоктарымен, Кюизенер таяқшаларымен ойын, кеңістікте, уақытта бағдарлау ойыны.
Сабақтың барысы:
Мотивация
Топ аймаққа бөлінеді: үстелдер.Әр үстелде 1-6 дейінгі сандар және тапсырмалар..
Балалар топқа кіреді. Үстелде қима суреттер жатады.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай суреттер? Бұл суреттерде кім бейнеленгенін қалай білеміз?
Балалар қиылған суреттерді жинайды..
- Балалар, қараңдаршы, бізде кім шығып тұр? (Профессор – Математик)
- Кім біледі, ол мында қалай және не үшін келді?
- Мында төменде бірдеңе жазылып тұр. Ол бізге сынақтан өтуге ұсыныс жасады. Өткен сынақ үшін сендер сыйлыққа қазынаға ие боласыңдар. Қалай ойлайсыздар?
- Барлық қиындықтарды шешу үшін сендерге тапқырлық, батылдық, ұқыптылық және бақылаушылық көмектеседі.Ең бастысы барлық тапсырмаларды орындаған соң ғана қазынаны ала аламыз.Сендер саяхатқа дайынсыңдар ма? Онда бастайық!
- Тамаша! Бірінші тапсырманы білу үшін қолымызға сандары бар доптарды аламыз, содан кейін сол санды үстелде тұрған тапсырма мен орындау үшін керекті материалды аламыз. Әр орындалған тапсырма үшін сендер әріпі бар медальон аласыңдар. Егер барлық тапсырманы дұрыс орындасаңдар, соңында бұл әріптерден сөз шығады.
Доптар себетте жатыр ,
Ал себет терезеде тұр.
- Кім көріп тұр, доптарымыз қайда?
Балалар доптары бар себетті терезден табады..
- Балалар, саяхатты бастаймыз ба?
Санамақпен таңдалған балалардың бірі, себеттен «1 » саны бар допты алып шығады. Қараңдаршы, мында қандай сан жазулы? Сандары бар үстел қайда? Сол үстелде біздің бірінші тапсырма бар.
- Алдымен, Профессор – математик математикалық сергіту өткізуді сендерге ұсынады.
Математикалық сергіту.
1. Екі итте неше құлақ бар? (4)
2. Аптада неше күн бар? (7)
3. Бағдаршамның неше көзі бар? (3)
4. Бір қолда неше саусақ бар? (5)
5. Аспанда неше күннің көзі бар? (1)
6. Екі мысықтың неше аяғы бар? (8)
7. Екі қолда неше саусақ бар? (10)
8. Аптада неше демалыс күні бар? (2)
9. Түнде аспанда неше күннің көзі бар? (0)
10. 8 қандай сан үлкен, 10 санынан кіші?
Тапсырманы орындап болған соң балалар бірінші медальонын алады..
- Жарайсыңдар! Біз бірінші кеңесті алдық- яғни, медальонды. Ары қарай кеттік. Ал мынау медальонды тақтаға қояйық.
Бала «2» саны бар допты алып шығады, соған сәйкес сол саны бар үстелді табады.
- Қандай сан айтшы?
- Геометриялық пішіндері бар сарайға аттанамыз. Профессор – Математиктың сарайы қандай әдемі. Қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар атаңдаршы?
-Ал енді қараңдаршы, геометриялық пішіндер қалай араласып жатқанын. Үстелде қандай әр түрлі геометриялық пішіндер жатыр. (Дьенеш блоктары).
- Осы пішіндерді бөлшектеу керек, бірақ жай емес, топтап. Қандай қасиеттермен пішіндерді бөлуге болады? (пішініне, түсіне, шамасына қарай)
Балалар үшке саналып, үш топқа бөлінеді. Әр топ карточка алып, қандай қасиетіне қарай жинайтынын біледі. Үстел үстінде геометриялық пішіннен өзінің тобын құрады.
- Жарайсыңдар, тәртіпке келтірдіңдер. Пішіндер бөлшектелді.
- Осы тапсырма үшін медальон алу үшін, бізге профессор қандай геометриялық пішінді ол ойластырғанын табуды ұсынады. Сендер маған «Иә» және «Жоқ» деп қана жауап бере алатын сұрақ қоя аласыңдар.
Дидактикалық ойын : «Иә-жоқ»
Тәрбиеші дидактикалық пішінді ойлайды.Балалар сұрайды:
- Ол сары ма (көк пе, қызыл ма) ?
- Оның бұрышы бар ма? (Иә)
- Оның 3 бұрышы бар ма? (4 бұрыш)
- Ол үлкен бе? (Жоқ)
- Ол жалпақ па? (Жоқ)
Медальонды тақтаға қоямыз.
- Сендердің саусақтарың шаршады ма? Қолдарыңды дайындаңдар.
Саусақтық ойындар:
Саусақтар ұйықтайды,
Жұмырдықты түйеміз.
Бір,екі, үш, төрт, бес –
Ойнағымыз келеді!
Үйді, көршілерді оятамыз –
Онда алты және жеті оянды.
Сегіз, тоғыз, он–
Қуанады бәрі!
Бірақ бәріне қайта –
Он,тоғыз,сегіз,жеті.
Алты – жұмырдыққа түйілді,
Бес есінеді де бұрылды.
Төрт, үш, екі, бір –
Қайта үйде біз ұйықтаймыз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бізді келесі тапсырма күтіп тұр!
3 саны бар келесі допты алады.
- Балалар! Қазір біз Кюизенер таяқшаларының патшалығына жолға шығамыз.
- Мынадай тапсырма: ұзын таяқшадан бастап ең қысқа таяқшаға дейін баспалдақ құрастырыңдар.
Үш топ. Таяқшалармен жұмыс.
- Сендер баспалдақты дұрыс құрастырдыңдар ма, қазір тексереміз. Экранға назар аударып қалай жинағандарыңды көріңдер. Ал енді сұрақтарға жауап беріңдерші:
- 3 орында түсі бойынша қандай таяқша тұр, қандай санға сәйкес келеді? (көгілдір)
- 3 пен 5 арасында қандай таяқша тұр, қандай санға сәйкес келеді? (қызыл,төрт)
- Көк таяқша реті бойынша нешінші және т.б..
-Сары таяқша қай санға сәйкес келеді?
- Қандай таяқшадан сары таяқшаны құруға болады?
Балалар: 5 ақтан;
- 1 ақтан және 1 қызылдан,
- 1 қызғылттан және 1 көгілдірден,
- 2 ақтан және 1 көгілдірден,
- 3 ақтан және 1 қызғылттан.
- Ал енді өз сұрақтарыңды құрастырыңдар.
- Қандай ақылдысыңдар, жарайсыңдар! Сыйақыларыңды алыңдар!
Тақтаға медальонды шығарады және «4» саны бар допты алады.
- Ал енді уақыт қалашығына барамыз. Міне келесі тапсырма: бұл қалада бақытсыз жағдай орын алды – апта күндері шатасып кетті, бізге рет ретімен құрастыру керек. Сендерге ол үшін карточкалар қажет.
Дидактикалық ойын: «Тірі апта»
Материал: Үстелде спектрдің түсі бар шеңбердің жеті бөлігі орналасқан. Әр бөлікте нүктелері бар сәйкес сандар көрсетілген.
Барысы: жеті түрлі түсті карточкалар түсі жағымен төмен қаратылған. Әр түс аптаның белгілі бір күніне сәйкес келеді:
дүйсенбі –қызғылт сары 1 нүкте,
сейсенбі – сары 2 нүкте,
сәрсенбі – жасыл 3 нүкте,
бейсенбі – көгілдір 4 нүкте,
жұма – көк 5 нүкте,
сенбі – күлгін 6 нүкте,
жексенбі – қызыл 7 нүкте.
Балалар бір карточкадан алып, қандай апта күні екенін анықтайды..
Тәрбиеші балаларға: Апта, құрыл!»
Балалар көрсетілген ретпен құрылады.
- Өздеріңнің апта күндеріңді атаңдар!
- Сейсенбі, аяғыңды бас! Өзіңнің көршілеріңді ата (дүйсенбі, сәрсенбі);
- Жұма,алақаныңмен шапалақта! Өзіңнің көршілеріңді ата (бейсенбі, сенбі);
- Жексенбі, секір! Өзіңнің көршілеріңді ата (сенбі, дүйсенбі);
- Сенбі, қолыңмен бұлға! Өзіңнің көршілеріңді ата (жұма, жексенбі).
Бастама балаларға беріледі.
- Жарайсыңдар! Барлықтарың тапсырманы бұлжытпай орындадыңдар, және келесі медальон сендерге бұйырады.
- Ал енді жолға шығамыз! Біз қазынаға жақындадық! Бірақ бізде әлі тапсырмалар бар.
Бала 5 саны бар допты алады. Тапсырманы орындайды.
-Біз сандарға қонаққа барамыз. Үстелде сандар жатыр. Қараңдаршы олар дұрыс жатыр ма?
-Келесі медальонды алу үшін қандай тапсырма күтіп тұр, қалай ойлайсыңдар?
-Жарайсыңдар! Барлық сандарды өсу ретімен дұрыс қойыңдаршы.
Топтар сандарды ретімен қояды.
- (Баланың аты) 1-10 дейін сана.
- (Баланың аты) ал сен кері санашы.
Дидактикалық ойын «Текшені лақтырда сана».
Балалар текшені лақтырады, санды атайдыда сол саннан бастап 10 дейін санайды. (жеке).
- Сан қанша бірліктен тұрады? – 3, 5, 7
- Суретке қараңдаршы:қандай сан жетіспейді? (5….7, 8…10, 4…6)
- Шаршадыңдар ма, демалуға ұсыныс жасаймын.
Сергіту сәті.
Мойынды ақырын айналдырамыз
Бас айналуы мүмкін.
Солға қараймыз –бір, екі, үш.
Оңға да қараймыз.
Жоғары созылып, жүреміз
Орынымызға қайтып келеміз.
- Бұл тапсырманы да орындадық! Міне сыйақы!
Рефлексия
- Барлық медальонды жинадық. Сандықты ашу үшін не үшін алғанымызды еске түсіру қажет.
Балалар орындаған барлық тапсырмаларды еске түсіреді.
- Біз бүгін қайда болдық?
- Біз аялдамаларда не істедік?
- Қай тапсырманы жақсы орындадыңдар?
- Қайсы тапсырманы орындай алмадыңдар және неліктен?
- Келесі жолы не істейсің, орындау үшін?
- Математика не үшін қажет?
- Жарайсыңдар, балалар, сендер барлықтарың мұқият болдыңдар! Бәрің барлық тапсырманы керемет орындадыңдар. Ал енді соңғы тапсырма. Ол ең қиыны және өзгеше тапсырма, сандық мынау медальондарды дұрыс ретімен тізіп және сөзді дұрыс оқысақ қана ашылады. Кәнекей тез оқыңдар.
Балалар медальондардан «ЖЕҢІС» сөзін құрастырады, тәрбиеші балаларды мақтап, сандықты ашуға ұсыныс жасайды. Үстінде 5,4,3,2 сандары болады..
- Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл не үшін? Менің ойымша, бұл сандардың көмегімен сендер ұйымдастырылған оқу қызыметінде өз жұмыстарыңды бағалай аласыңдар.
Балалар өз жұмыстарын бағалайды.
- Балалар сандыққа қарайықшы.
Балалар тәттілер табады.