"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мерей" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Мерей" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің отбасым»

30.11.2020

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты: баланың өзі және отбасы, тұратын үйі туралы түсініктерін кеңейте отырып, өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету. Монтессори әдісі арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту,шыдамдылықа, ептіліке,өмірге бейімділіктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- баланың өзі және отбасы, тұратын үйі туралы түсініктерін кеңейту;

- балаларды отбасылық мерекелер мен салтанатты іс-шараларға қатысу дағдыларын дамыту;

- отбасы мүшелеріне, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарына түсіністікпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қойылған сұрақтарға жауап береді

түсінеді: отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атайды.

қолданады: отбасы мүшелері, тұратын үйін біледі. Жақын  туыстарымен жағымды қарым-қатынас  жасай  алады. Заттық-кеңістіктік  дамытушы ортада  отбасылық  қатынастарды  және  отбасындағы ересектер  еңбегін сипаттайтын  ойын  әрекеттерін  орындайды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасының  фотосуреттері, Монтессори құралдары.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Сөздік жұмыс: отбасы, отбасы мүшелері, аға, әпке.

Билингвалды компонент: отбасы – семья, отбасы мүшелері – член семьи, аға – брат, әпке – сестра.

ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Үнтаспадан «жарығым», «ботам», «құлыным», «күнім» деген сияқты жылы сөздер тыңдатылады.

             - Балалар, қалай ойлайсыңдар осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

             - Иә, балалар, сендерге жылы сөздерді аталарың, аналарың әке, әжелерің айтады екен.

- Ал осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?

             -Бүгін біз «отбасы» туралы әңгіме қозғаймыз.

2. Негізгі бөлім

-  Балаларға отбасы мүшелеріне байланысты сұрақтар қою.

– Балалар, отбасы дегеніміз не? Отбасына кімдер жатады?

Фото  суреттермен жұмыс

– Яғни, балалар, отбасына әкең, анаң, ата, әжең, іні-қарындастарың, әпке-сіңілілірің жатады екен. Отбасы – туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелеріне сендер де жатасыңдар.

Екі тілде отбасы – семья, отбасы мүшелері – член семьи, аға – брат, әпке – сестра сөздері мен сөз тіркестерін қайталату.

Ойын: Кім екенін тап?

Бір бала шығып, отбасы мүшелеріне қатысты адамдарды ым-ишарамен (мимикамен), қозғалыспен көрсетеді. Басқа балалар шешуін табады.

Мысалы:

• Анасы кір жуып жатыр.

• Әкесі отын жарып жатыр.

• Әжесі шұлық тоқып отыр.

• Атасы шеге қағып жатыр.

. Қызы гүлге су құйып жатыр.

3.Жеке жұмыс  ( Әр кім өзінше монтессори құралдарымен жұмыс жасайды)

4.Әңгіме жүргізу:  Балалар, мен сендерге бір ананың жеті баласы туралы әңгіме айтып берейін.

      Бір ананың  жеті баласы  болыпты. Бірде ол алыста тұратын  ұлына  қонаққа кетеді. Үйіне бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен балалары бірінен  соң бірі анасын  қалай  сағынғандарың айта бастайды.

Ердаулет: Мен сізді күн сәулесін күткен көк нәр гүлдей сағындым.

Бекқожа: Мен сізді тамшы суды аңсаған шөлдей күттім.

Оразхан: Мен сізсіз гүл таппаған ара  сияқтымын.

Жәнібек: Сіз менім түсіме раушан гүлінің түсіне енген  шық тамшылардай болып көріндіңіз.

Джамиля:Шие бағын іздеген бұлбылдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.

Жетінші қыз үндегне жоқ... Ол  анасының  аяқ  киімін шешіп  аяқтарын жуу   үшін су  әкеліп  берді.

5.Суреттермен  жұмыс:  Ал еңді  мына суреттерге қарандаршы. Біз  жақсы

көрген  адамдарды  бір нәрсеге теңейміз .Сендер  аналарыңды  неге  теңер едіндер?

 БҰЛТ, ГҮЛ,КҮН,АҒАШ,ТАУ,СУ,АҚҚУ.

Мен  анамды күнге теңеймін  , күн  сияқты  жып-жылы.

Мен  анамды  бұлтқа  теңеймін, анам бұлт сияқты жұп-жұмсақ.

Мен  анамды  суға  теңеймін, анам судай көнілі таза.

Мен анамды тауға теңеймін, анам жанымда болғанда ештімнен   қорықпаймын.

Менім анам гүл сияқты әдемі.

Менім  анам  аққу сияқтя  аппақ.

Менім анам ағаш сияқты, кең пейілді мейрімді адам.

(Балалар музыка әуенімен осы суреттерді жапсырады.)

6. Қорытынды бөлім.

 Балаларға сұрақтар қояды.

– Бүгін не үйрендік?

Балалар оқу қызметіне алған әсерлерін, көңіл күйлерін  қағазға түсіреді белгілейді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст