"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мерей" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Мерей" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с началом месяца  Рамазан - KAZISLAM.KZҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жылАлматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді. ЕЫҚҰ-ның жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бір адамның көптеген бюллетендерді тастау, тәуелсіз бақылаушыларды санау процесіне араластырмау секілді фактілер тіркелген. ЕЫҚҰ сайлау нәтижесінің әділ екендігіне кепіл бере алмайтынын жеткізкен. Сонымен бірге, 9 және 10 маусым күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында сайлау нәтижелеріне наразылық танытқан 1000-ға жуық адамды полиция қамауға алған.[1]

2019 жылы 19 наурыз күні Назарбаев халыққа үндеуі арқылы өзінің ҚР Президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президенті болып Сенат Төрағасы тағайындалады. 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің міндетін атқарушы ретінде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімінде Тоқаев өзінің алғашқы жарлығымен Н.Назарбаевты Халық қаһарманы мен Еңбек ері атақтарымен марапаттады. Сонымен бірге, Астана атауын Нұр-Сұлтанға ауыстырып, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының орталық көшілерін Назарбаевтың атымен атауды ұсынды.[3]

2019 жылғы 12 маусымдағы ант қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатыны жөнінде мәлімдеді. Билік пен қоғамның арасындағы диалогқа шақырды.

Жолдау[өңдеу]

2019 жылы 2 қыркүйекте қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан халқына Жолдауын арнап, мынадай мәлімдеме жасады: Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес; Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады; Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылады; Микро және шағын бизнес саласындағы компаниялар табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады; Жұмыс берушілердің зейнетақы қорына енгізетін 5 пайыздық қосымша төлеміне 3 жылға мораторий жарияланады; Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалануына рұқсат етіледі; Тиімсіз жоғары оқу орындарының санын қысқарту қажет; Квазимемлекеттік сектордың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады; Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет.

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:32
Құрылған күні: 10.11.2020 17:41

Текст