26.01.2026
Қызылордада өткен Бесінші Ұлттық Құрылтай еліміздің стратегиялық даму жолын айқындаған шын мәніндегі айтулы оқиға болды.
Елбасының сөйлеген сөздері мемлекеттің экономикаға ғана емес, адам капиталының сапасына да көңіл бөлетінін көрсетті.
Балалардың қауіпсіздігі, цифрлық сауаттылық, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері ертеңгі күннің жауапты азаматтарын қалыптастырудың берік негізін қалайды.
Барлық игі істер ең жас азаматтарымызды тәрбиелеуден басталады. Әділдік, жауапкершілік, цифрлық мәдениет, ұлттық құндылықтар идеялары олардың бойына бала кезінен сіңірілуі керек.
Құрылтайда көтерілген тазалық, заңды құрметтеу, адалдық қағидалары – тәрбие жұмысының алтын өзегі. Бүгінгі қабылданған дұрыс шешімдер ертеңгі күшті мемлекетті қалыптастырады .