Бөбекжайда «Наурызнама» онкүндігіне дайындық басталды!

12.03.2026

🌸 Бөбекжайда «Наурызнама» онкүндігіне дайындық басталды!

Бүгін біздің бөбекжайда педагогтармен биылғы Наурыз мейрамын жаңа форматта өткізу бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 📝✨

📍 Кездесу барысында:

* 14-23 наурыз аралығындағы «Наурызнама» онкүндігінің әр күніне тоқталдық;

* Бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды ойын түрінде жеткізу әдістерін талқыладық;

* Ұлттық киімдер мен дәстүрлі ойындарды насихаттау жоспарын бекіттік.

Біздің мақсатымыз — әр баланың жүрегіне ұлттық рухты ұялатып, мерекені ерекше мазмұнда өткізу! 🇰🇿☀️

Наурыз береке әкелсін!


    

Просмотров: 4197


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу