Ұйымдар тізімі
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығына сәйкес, ата-ана немесе баланың заңды өкілі баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және мектепке дейінгі ұйымнан жеке алып кетуге міндетті.
Сіздерден келесі талаптарды сақтауды сұраймыз:
• Баланы балабақшаға келген кезде тәрбиешіге жеке тапсырып, күн соңында жеке алып кету.
• Баланы тәрбиешіге ескертпей қалдырмау.
• Баланы бөгде адамдарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған аға-әпкелеріне, бауырларына тапсыруға жол бермеу.
Осы талаптарды сақтау – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Ата-аналар мен заңды өкілдерге...