Балалар екі-екіден қол ұстасып, музыка әуенімен залға кіреді.
1 жүргізуші:
Береке, бақ дарыған,
Жомарт көңіл,жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!-демекші, міне бізге де күз жетті.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, балабақша ұжымы. Бүгінгі Балдырған тобының бүлдіршіндерінің өткізгелі отырған «Арайлы, алтын күз» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!
Ән: «Алтын күз»
2 жүгізуші:
Балалардың жауабы: Қыркүйек, қазан, қараша.
1 жүргізуші: - Күз айлары мерекеге толы, олай болса,күзгі мерекелерді атайықшы?
Балалардың жауаптары:
1 қыркүйек – білім күні, 1 қазан –қарттар күні, 5 қазан – ұстаздар мерекесі, 25 қазан – Республика күні.
2 жүргізуші: - Балалар осы күзге байланысты тақпақтар дайындап келіпті.
Ілияс:
Алтын ,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Т.Еркежан:
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Әуенге еріп сиқырлы
Айтылды ән боп сиқырлы
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.
К.Аяулым:
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән,
Тербеледі толқиды.
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Бағбан: Бұл кім менің бақшама келіп мазамды алған?
Жүргізуші: Балалар, бұл кім екен? Сендер білесіңдер ме? Әрине, бұл бағбан ғой. Кешіріңіші, біз бақшаға қонаққа келген едік.
1 жүргізуші: Балалар сізге өз өнерлерін ала келді.
Бағбан: Балалар,сендермен ойын ойнағым келеді, ойнайсыңдар ма?
Ойын: «Жемістер жинау»
Шарты: эстафеталық ойын.5 баладан 2 топқа балаларды бөліп,жемістерді музыка арқылы бір-бірден жинау. Қай топ бірінші аяқтайды, сол жеңімпаз атанады.
Би: «Күзгі вальс» қыздардың биі.
С.Аяулым:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
А.Айзере:
Қарашы күз келді,күз келді.
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жанерік:
Жұлдыз туып таң алды
Әнге орап ғаламды
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.
Айсәуле:
Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай
Соңғы ән айтып
Құс кетті қайтып.
Айша:
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік,ойнайық.
Ән: «Қолшатыр» Т.Еркежанның орындауында.
Ойын: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырайық, біздің балалардың орындауында
Ән:«Күз келгенде» әнін қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: тағы өлең шумақтарын айтамыз деген бүлдіршіндерімізді тыңдайық.
Т.Айзере:
Жемісін мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін.
Жомарт екен Күз деген.
Нұрасыл:
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп.
Айханым:
Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.
Айлин:
Күздің қазан айында,
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
(Музыка әуенімен залға Күз ханшайымы кіреді).
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Сендерге арнайы мерекеге қонаққа келдім.
1 жүргізуші: Төрлетіңіз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз:
2 жүргізуші: Күзге сәлем бердік,
Қуанып көңіл көтердік.
Күзден сұрар сұрағым сондай?
Бізге берер сыйлығың қандай?
Күз ханшайымы:
Жайдары күзбін, жарқын күзбін,
Аяулы күзбін, алтын күзбін.
Дәнге толы ен далам,
Мейірімді күз, мырза күз,
Сыйлығыма риза бол.,
Аппақ арай таңыма,
Шомылыңыз нұрыма!
1 жүргізуші:Күз ханшайымы, біздің өнерімізді жайғасып отырып тамашалалаңыз.
Би: Ұлдар мен қыздар. Жаяу жүргінші әніне билейді.
Күз ханшайымы: Өте керемет, балалар. Сендер қандай өнерлі едіңдер,маған қатты ұнап отыр, ал олай болса, сендердің ойлау қабілеттерің қандай екенін тексеріп көрейінші, жұмбақ шешуге қалайсыңдар, Жұмбақ жасырсам шешесіңдер ме?
Жұмбақтар шешу:
Сары болып үзіліп түзіледі. (жапырақ)
Жиып алды, жер қазық. (сәбіз)
Қабат-қабат терісі бар. (қырыққабат)
Көрініс: Орыс тілінде «Теремок» (Аяулым,Еркежан,Ілияс,Айсәуле,С.Еркежан)
Авторлар: Т.Айзере,Айханым,У.Айзере.
1 жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлерін тамашаладыңыз.
Дильназ:
Қуандырып біздерді,
Кел жемісті Алтын күз.
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Қ.Нұрасыл:
Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Айша:
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік,ойнайық.
У.Айзере:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
С.Еркежан:
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулені,
Күз әуені төгілді.
Али:
Жапырақ ұшты
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Ән: «Күз тамаша»
Күз ханшайымы: - Балалар, сондай өнерлі екенсіңдер, тамаша билейсіңдер, әсем ән айтасыңдар, алтын күзді бейнелеген тақпақтарың қандай әдемі. Әрине, сендерге мен өз сыйлығымды ала келдім. Мына дәрумендерді жеп, одан сайын ақылды, өнерлі болуларыңа тілектеспін.
Мына себеттегі жемістерді апайларың кейінірек үлестіріп береді. (Қоштасады)
Жүргізуші: Осымен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.