Сәуір айында біздің балабақшада жолда жүру ережелерін үйретуге, жол қозғалысында қауіпсіздік сақтау және аула мен басқа жолға жақын аумақтарда қауіпсіздік ережелерін білуге бағытталған «Лақтардың жолда жүру ережелерін үйрену туралы» атты қойылым өткізілді. Ол іс – шараға ересек үш топ қатысты.
Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты: жолда жүру ережелері бойынша балалалардың білімдерін бекіту, өмір қауіпсіздігі мен жол қозғалысы жайында дүниетанымын кеңейту,қала көшелерінде тәртіп мәдениетін қалыптастыру.
Қойылымның басында тілдер мамандары үш тілде көрермендермен амандасып, қысқаша кіріспе жасады. Содан соң балалар ертегі түрінде кейіпкерлердің рөлін жақсы сомдап, жолда жүру қажеттілігін түсіндірді, ағылшын тілінде «The Finger Family» әнін орындады және жол белгілері туралы қазақ тілінде тақпақтар айтты. Балалар үш тілді жақсы деңгейде меңгергенін көрсетті.
Қойылымның негізгі ойы – егер жол ережелерін біліп және қатаң түрде сақтасаң , қала көшелерінде өмірге қауіп болмайды.Осылайша, балалардың жолда жүру ережелеріне қатысты білімдері қалыптасады, тіл байлығы молаяды.Сонымен қатар жол белгілерін танып, Жол полициясының қызметімен де таныс болады.
Өткізілген қойылым жақсы деңгейде өтті және әрі қарай жол ережелерін үйренуге жалғасын табады.