"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мерей" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Мерей" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вакансия !!!

24.08.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны   мемлекеттік және орыс тілінде  оқытылатын  түзету топтарға  логопед  лауазымына  орналасуға конкурс  жариялайды.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты ____ теңгеден ____ теңгеге дейін.

Лауазымдық  міндеттер:  Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.
      Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.
      Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.
      Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.
      Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.
      Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы» ҚР заңы, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

      Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

      Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі

 

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

     Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

      Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

 

020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жайлау шағын ауданы, Сырымбет к-сі, анықтама телефоны: 8(7162)32-78-94, d_merey@mail.ru

 

 

 

 

Просмотров: 144


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст