«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мерей» бөбекжайы» МКҚК
ГККП «Ясли-сад «Мерей»  города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан халықтарының тілдер күні» апталығының аясында өтілген іс-шаралар есебі

29.09.2022

«Мерей» балабақшасында 12.09 - 16.09. 22 ж. аралығында  «Қазақстан халықтарының тілдер» меркесіне арналған апталық өтті.

12. 09. – «Тіл-татулықтың тірегі» атты апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Балалар мен тәрбиешілер осы апталық аясында өтетін іс-шаралармен таныс болды.

13.09- ересек және мектепалды даярлық топтарының балалары «Ұлттық ойындар күніне» қатысты. Дене шынықтыру нұсқаусышы балалармен «Ханталапай» ойынын ойнады. Балалар қызығушылық танытып, белсенді қатысты.

14.09 – Бұл күннің аты «Кішкентай жұлдыздар» деп аталып, №7,10,11 топ балаларының қатысуымен қазақ халық ертегісі «Мақта қыз бен мысық» сахналық қойылымы көрсетілді. Балалар кейіпкерлердің рөлдерін сомдап, көкрермендердің назарына ертегіні ұсынды.

15.09 – «Мы маленькие звезды» деп аталған күн, орыс тілінде оқытылатын балалардың қатысуымен «Репка-Шалқан» ертегісін көрермендер назарына ұсынды. Балалар кейіпкерлердің мінез-құлқын, дауысын дәл келтіріп, ойнап шықты.

13.09-15.09 аралығында «Ана тілім-айбыным»- «Родной язык-моя гордость»атты шығармашылық байқау өтті.Балалар ата-аналарымен бірлесе отырып өз қолдарымен ана тілінде жазылған кітапша жасады. Жасалған кітаптардың әрбіреуі өнер туындысы тәріздес.

16.09 – «Тілге құрмет – тал бесіктен» атты апталықтың жабылуына арналған халықтар фестивалі өтті.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст