Мақсаты: Заттарды салыстырады.Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра алады. Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндейді. Балалардың құрастыруға қызығушылығы артады.
Көрнекіліктер: Шарлар,ақ қағаздар,гуащтар,ермексаз,паралондар,құлақ шұқығыштар,қима суреттер.
Кіріспе:
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн,ойын іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Сол кезде есікті тарсылдатады. Карлсон конаққа келеді.
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар.Сендер менің досым Балақайды көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ көргенжоқпыз.
Сендердің араларыңда шығар деп ойлап едім.Менде көп шарлар болған,оларды ұшырып алдым.Менде екі ақ шар қалды.
Балақайдан көмек сұрағым келген.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: Балалар сендерге шар ұнай ма?
Балалар: Иә ұнайды.
Шарларды біз қай кезде қолданамыз?
Балалардың жауабы.
Карлсонның қолындағы шарлардың түстері қандай?
Сары шар қандай? Көк шар ше?
Ойын: «Шар үрлейік»
Енді балалар Карлсонға көмектесеміз бе?
Кімдер сурет салғысы келеді?Шарды салудың тәсілін көрсетемін.
Ал қалған балалар шарларды құрастырады.Кима үлкен қағаздың қимасын құрастырады.
Құрастырып болған соң ол балаларды екі топқа бөлеміз.
Шардың бейнесін ермексазды жағу арқылы мүсіндейді.
Қалған балалар үстел үстіндегі қима қағаздан шардың бейнесін құрастырады.
Қортынды: Балалар енді жасаған жұмыстарымызды Карлсонға сыйлайық.
Тақтаға көрмеге ілеміз.
Карлсон балаларға рахмет айтып қоштасады.
Дайындаған: №4 «Еркежан» ортаңғы топ тәрбиешісі Узбекова Ш.К