17.11.2020
Тақырыбы: «Күзгі орман»
Мақсатты: Күз туралы түсініктерін тереңдету. Байланытыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға, ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білімділігін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі орман суреттері, күзгі орман слайд
Өткізу әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын
Сөздік жұмысы: жапырақ, ағаш, орман, күзгі орман
Билингвалды жұмыс: жапырақ-лист, ағаш-дерево, күзгі орман-осений лес
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
І Ұйымдастыру кезеңі:
Тосын сый: Күз ханшайымы қонаққа келеді Сәлеметсіздерме? Балалар мен күз ханшайымымын.
Сендер менің орманыма қонаққа келдіңдер. Бұл «күзгі орман» қараңдаршы қандай әдемі. Слайд көрсету орман туралы. Бұл балалар орман деп аталады. Қазір біз сіздермен саяхатқа шығамыз. (Осы кезде жапырақтың сылдырлаған, желдің дауысы естіледі.)
Құстардың аңдардың дауысы естіледі.
Енді мен сендерге сұрақ қоямын, жақсы қатыссаңдар сендерге тосын сыйым бар. Сендер қандай құстарды, аңдарды білесіңдер? Өте жақсы міне менің сыйым соңында аласыңдар. Ал қазір мен кеттім әрі қарай, сендер орманды аралаймыз.
|
Балалармен шаттық шеңберіне тұрып амандасып аламыз.
құстар жылы жаққа ұшып кетеді Аққу, қарлығаш,
, аю, кірпі, түлкі.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
ІІ Негізгі кезең
Мен сендерді көріп жұмбақ жасырғым келді.
Жапырақты бояды.
Атырап бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (күз)
Ал қазір бізде қандай мезгіл?
Дұрыс айтасыңдар қазір күз мезгілі.
Себебі, айналаның барлығы сары түсті болып түр. Күзде жемістер, көкөністер піседі.
Мнемотехниканы қолданып бабалармен сөйлем құрастырамыз. Суретке қарап, көргенімізді айтамыз.
Ағаштан жапырақ ұшты. Жерге түсті.
Жаңбыр жауды.Саңырауқұлақ өсті.
Құстар ұшты. т.б.
Тілдердімізді жатықтырып алайық
-рақ –рақ, ұшты жапырақ.
-быр -быр жауды жаңбыр.
-үз -үз келді күз.
Сергіту сәті:
Ал енді балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Күн жылынса киінеді,
Суытса шешті киімді.
Жел соқса тербеледі,
Желге күш береді. ( ағаш)
Ал есімізге түсірейікші қандай ағашты біздер білеміз? (Аққайың, шырша, терек, қарағай) суреттерді көрсете отыра еске түсіру. Ағашта не өседі?
Орманда сендер білетін ағаш түрлері бар. Орманда әр түрлі ағаштар өседі.
Ойын: «Аққайың жапырағын кім тез жинайды?» Мақсатты:балаларға аққайың ағашының жапырағын ажырата білуге үйрету. Шартты: шашылып жатқан жапырақтарды жинау. жатқан қайың ағашының жапырағын аққайың ағашына жапсыру.
Күз ханшайымы: Балалар сендерге менің күзгі орманым ұнадыма?
Өте ақылды балалар екенсіңдер.
Ал енді сендерге тосын сый беремін. Мен сосын сендерге береді. Сендер ақылды балалар екенсіндер.
|
(Балалар толық жауап беруі тиіс, бір рет хормен айтады, сосын жеке-жеке сұрау қажет).
- Қазір күз мезгілі. Себебі, айналаның барлығы сары түсті болып түр. Күзде жемістер, көкөністер піседі,
Ағаш- дерево
Жапырақ -листя
Орман лес
Күз болды. Жапырақтар сарғайды. Күн суытты. Бұл орман. т.б.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Қане орманымызды қайта аралап шығайық.
Ағаштан жапырақ ұшты. Жерге түсті.
Жаңбыр жауды.Саңырауқұлақ өсті.
Құстар ұшты. т.б.Сөйлемдерді қайталаймыз.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күз, күзгі орман, жапырақ, ағаш не екенін біледі.
Игереді: Күзгі орманда қандай түстер болады.
Меңгереді: Күз туралы шағын әңгіме құрастырады.